25 сәуір 2024 жыл

Білгішбек білімге толы саяхатқа шақырады

Білгішбек білімге толы саяхатқа шақырады

Білгішбек – белсенді, пысық, езу тарттыратын кейіпкер. Ол акробатикалық трюктарды, би мен түрлі шытырман оқиғаларды жақсы көреді. Балаларға қызық сан сауалға жауап іздеп, спорт түрімен де айналысады, пицца дайындап, көліктің түр-түрін тізгіндейді. Осылайша ол барлық балаларды өзінің жаңа білім мен әсерге толы саяхатына шақырады. Әр серия балалар үшін ғана емес, бүлдіршіндерімен бірге уақытын көңілді өткізгісі келетін ата-аналар үшін де қызық болады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!